Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жетпістің желкенін керген
18.01.2018

Құрметті оқырмандар!

Әмбебап оқу залында жазушы, журналист, қоғам қайраткері, көптеген романдар мен драмалық шығармалардың авторы Баққожа Мұқайдың 70 жылдығына арналған «Жетпістің желкенін керген» атты кітап көрмесі ашылды.

Баққожа Мұқай ұзақ жылдар бойы журналдарда, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында еңбек етті, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің басқарма басшысы болды.

1990 жылы облыстық "Қазақ тілі" қоғамына жетекшілік етті.

1995 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін "Парасат" журналының бас редакторы болды.

Баққожа Мұқай  - көптеген мемлекеттік сыйлықтар мен марапаттардың лауреаты.

Баққожа Мұқай "Қош бол, менің ертегім" және "Аққу сазы"  драмалық шығармалары үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын иеленді.     

1995 жылы Қырғызстанның әдеби сыйлығын алды.

2000 жылы "Өмірзая" романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы тапсырылды. "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Оның пьесалары Қазақстан мен шетелдердің көптеген театрларында қойылды. Жазушы бірқатар шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Баққожа Мұқайдың әдеби шығармалары әлемнің 11 тіліне аударылған және оларды шын мәнінде ұлттық әдебиеттің алтын қорының бір бөлігі деуге болады.

Барлығыңызды көрмемізді тамашалауға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus