Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұрпақтың саулығы – ұлттың саулығы!
30.03.2018

«Халықтың денсаулығы – Қазақстан жетістігінің

ажырамайтын құрамдас бөлігі».

 Нұрсұлтан Назарбаев

 

Дүниежүзілік денсаулық күніне атап өту аясында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Денсаулық – қоғамның басты байлығы» атты кездесу-дәріс өтті.

Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) негізі қаланған 7 сәуір күні аталып өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күні денсаулықтың әр адамның ғана емес, сондай-ақ барша қоғамның да баға жетпес байлығы екендігін еске салу болып табылады. 

2018 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы – Барлығын барлық жерде денсаулық сақтау қызметімен қамту, ал ұраны – «Барлығы сау болсын».

Дүниежүзілік денсаулық күні сонымен қатар денсаулық сақтау саласы бойынша қандай да бір тақырыпқа қатысты іс-қимылды жұмылдыруға, бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған өзекті мәселені талқылауға мүмкіндік береді. 

Шараға келесідей емдеу мекемелерінің мамандары шақырылды:

Жоғары санатты дәрігер, Ресей медицина ғылымдары академиясының доценті, Дүниежүзілік жүйке аурулары дәрігерлері қауымдастығының мүшесі, Қазақстан ұлттық жүйке аурулары дәрігерлері қауымдастығының мүшесі,  Қостанай қ. «№3 Емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мамандандырылған көмек және функциялық диагностика бөлімінің меңгерушісі Сәбиден Асқарұлы Сұлтанғазин;

«Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің алдын алу бағдарламалары бөлімінің меңгерушісі Рабиға Мәдиқызы Нәукенова ;

«Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің алдын алу бағдарламалары бөлімінің дәрігері Гүлсім Едіресқызы Садақбаева;

 «Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің психологы  Роза Дүйсенбайқызы Контуреева.

Шараға қатысушылар өз сөздерінде денсаулықтың барлық қоғамның баға жетпес басты байлығы екендігіне ерекше тоқталып өтісті. Денсаулық адамның еңбек етуін және тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін бірінші және маңызды қажеттілік болып табылады.

Сондай-ақ шара аясында саламатты өмір салтын сақтау бойынша іс жүзіндегі кеңестер берілді. 

Шараға келгендер саламатты өмір, аурудың алдын алу медицинасы, спорттық медицина, валеология, емдеу және ауру мен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша әдебиеттер, сондай-ақ «Жүрегіңді сақта!», «Темекіні тастайтын кез келді!», «Диабетсіз өмір!», «Тамақты дұрыс таңда!», «Спортпен шұғылданатын шақ!» бүктемелері және т.б. қойылған кітап көрмесіне қызығушылық танытты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus