Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы
24.04.2018

Абонементтер бөлімі «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы» кітабының тұсаукесерін өткізді.

10 томдық «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы» басылымы Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихын қамтиды. Антологияда атақты ғалымдардың, ойшылдардың, ақын-жыраулардың, жазушылардың, тәрбие және білім беру саласындағы қайраткерлердің пікірлері қарастырылады. 

Шараға ҚМПИ педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М.Өтегенова, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының оқытушысы Н.Е.Атжанова, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Е.Ералина, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.Д.Бекмағамбетов, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Тілдер және әдебиет теориясыкафедрасының аға оқытушысы Ш.И.Төлегенова сынды қостанайлық ЖОО оқытушылары қатысты.

Оқырмандар назарына ұсынылған басылымдар жұртшылықтың қызығушылығын тудырды және Қазақстанның педагогикалық мұрасымен жақынырақ танысуға деген ынтасын оятты. Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында және республикалық «Әлеуметтік маңызды әдебиеттерді шығару» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптарды насихаттау мақсатында өткізілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus