Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үлкен еңбектің үлкен адамдары»
16.05.2018

Өлкетану әдебиеттері бөліміндегі «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағының бекітілгеніне 80 жыл толуына арналған бір жылдық «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» кітап көрмесі жұмысын жалғастыру үстінде.

Көрмеге Кеңес одағында ерен еңбегі үшін берілетін ерекше айырықшалау белгісін – Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген Қостанай облысы өндірісінің мерейгер-озаттары жайында материалдар қойылған. Сәуір айында көрмеге Павел ИгнатьевичРассохин туралы ақпарат қойылған.

Павел Игнатьевич -слесарь, агрегат цехінің жинақтаушысы, Қостанай автомобиль жөндеу зауытының бригадирі (1952-1988). Қорған облысының Шумиха қаласында 1928 жылы туған. Меңдіқара ауданының Жданов ат. ұжымшарда жұмыс істеді (1940), Қарағанды қ. шахталарында үңгуші болды (1948-1951). Партияның қалалық, облыстық комитетінің мүшесі, қалалық Кеңестің депутаты, Қазақстан КП XVI съезінің делегаты.  

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылдың 4 мамырындағы Жарлығымен сегізінші бесжылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындағаны үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді және Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Көрмеге кітаптардан алынған жарияланымдар, сондай-ақ «Социалистік Еңбек Ері» атағының тарихы туралытолық ақпарат қойылған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus