Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Акушерлік қан кету
57.16я7
Н 83
Нурхасимова, Р. Г.
Акушерлік қан кету [Мәтін] : оқу құралы / Р. Г. Нурхасимова, Г. Ш. Искакова, Д. Е. Ибраева. – Алматы : Лантар Трейд, 2019. – 213 б.

Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынулардың бірі акушерлік қан кетулер болып табылады. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орыны бар. Кез келген мамандықтағы дәрігер осы патология себебін анықтап, оларға шұғыл көмек көрсете алуы тиіс. Қазіргі уақытта медицинаға жаңа технологиялардың енгізілуіне, емдік дәрі-дәрмектердің жетілдірілуіне байланысты осы патология кезінде жүктілікті сақтап қалудың, ана мен бала өлімін азайтудың мүмкіндіктері артқан.

Оқу құралында акушерлік қан кетулер мәселесінің өзектілігі толық ашылып, себеп болатын негізгі нозологиялар мен патологиялық жағдайлар әрі олардың әрқайсысына қатысты дәрігерлік тактика жеке-жеке қарастырылды.

Акушерлік тәжірибеде ана мен бала өлімінің негізгі себебінің бірі акушерлік қан кету болғандықтан, әйелдің репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтау, алдын алу және реабилитация шараларын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған. «Акушерлік қан кету» атты оқу құралы жалпы медицина мамандығы бойынша жоғары курс студенттеріне, интерн және резиденттерге арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus