Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қарсыбаева, Р. Қ. Арулар – тіршілікке күретамыр
83.3(5Қаз)6
Қ 42
Қарсыбаева, Р. Қ.
Арулар – тіршілікке күретамыр [Мәтін] / Р. Қ. Қарсыбаева. – Алматы : KEMEL KITAP, 2023. – 252 б.

Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы болмысы бөлек қазақтың қаракөз қыздарына арнаған жырларының өзі, шоқтығы биік бір бөлек дүние. Әдебиет айдынында, салмағы жағынан да, саны жағынан да Мұқағали поэзиясындай қыздың арын үкідей үкілеген, гүлдей аялаған, бағындай баққан, қол жетпес періштесіндей күзеткен жырлар кемде-кем.
Мұқағали адам ретінде қаймағы бұзылмаған, қазақ ауылында туып, ауылдың бар жанды-жансыз тірлігін, жүрегінің төріне жинаған ерекше сезімтал жан. Соның ішінде арулар өмірінің қыр-сырын тым тереңнен тербеген ақын. Бар ізгіліктің бастауы анада екенін жан-дүниесімен түсінген азамат.
Қыз бала тағдыры Мұқағали ақынның мұңы. Жүрегін бірде шаттыққа бөлесе, бірде қайғыға батырып, жыр қаламын тербетуге себеп болған музасы.
Мұқағали жырларын оқыған әр қазақтың қызы, анасы ақынның ішкі ой-толғанысын, айтар ойын сезінбеуі, ақын өлеңдерінен өзін танымауы мүмкін бе?
Бұл кітап «Әйел» деген әлемнің басынан кешетін шырғалаң сезімдер мен тағдыр салған әртүрлі оқиғалардың шынайы әрі мысал үлгісі ретінде талданған ой еңбегінің жемісі.
Осы кітап арқылы бүгінгі жаңару көшінде кетіп бара жатқан қазақтың қаракөз қыздарына ақынның кейде күлімдеген, кейде түңілген жанының дауысын, жеткізгім келді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
X

X
X
Система Orphus