Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Нүсіп, А. Екінші тыныс ашылғанша...
83.3(5Қаз)6
Н 89
Нүсіп, А.
Екінші тыныс ашылғанша... [Мәтін] / А. Нүсіп. – Алматы :
Алматы-Болашақ, 2025. – 399 б.

«Екінші тыныс ашылғанша...» – Алмас Нүсіптің әдеби сын жанрында жазылған бір мақаласының тақырыбы. Автордың бұған дейін екі прозалық жинағы шыққан. Бұл жолғысы – әдебиеттану мен публицистика саласындағы әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақала, очерктерінің жинағы.
Жинақ төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Портрет». Ұлы тұлғалардың кісілік келбеті мен шығармашылық портреті қатар өрілген танымдық, зерттеу мақалаларға арналған.
Екінші бөлім – «Жолжазба». Мұнда түрлі іссапарларда жазылған очерктер топтастырылған. Қазақстаннан бастап Ыстықкөл, Мекке-Медине сапары туралы жазбалар – жазушылық бақылау, зерттеушілік анықтамалар арқылы өрілген көркем дүниелер.
Үшінші бөлім «Процесс» деп аталады. Мұндағы процесс – әдеби про¬цесс. Автордың әдебиет тарихы мен көркем шығармалар, әдеби ортадағы түрлі мінездер, құбылыстар туралы толғамдары.
Төртінші бөлім – «Публицистика». Мұнда замана қазақтың алдынан тартқан түрлі мәселелер туралы автордың ой-толғамдары топтастырылған.
Жинақ көпшілік оқырманға арналған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus