Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Губенко Алексей Алексеевич (1950–1925)
  Губенко Алексей Алексеевич 1950 жылы 27 қарашада Қостанай облысында дүниеге келген.
  1983 жылы Қостанай облысындағы жалғыз оркестр – Қостанай қаласының муниципалдық үрмелі оркестрін құрды.
  Алексей Губенконың жұмысы көп қырлы және әртүрлі. Ол көптеген жылдар бойы оркестрдің жетекшісі ғана емес, сонымен қатар керней мен баритонда ойнайтын музыкант та болды.      Оның жетекшілік етуімен оркестр ұжымы жоғары кәсіби деңгейге көтерілді. 60-тан астам орындаушы, ауқымды репертуар, республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысу, теледидарда өнер көрсету, елге танымал болу – осының бәрі оның талантының, табандылығының және ұжымға деген сенімінің нәтижесі болды.
  Алексей Алексеевич жай ғана жетекші болған жоқ, ол ұстаз, тәлімгер, шабыт беруші болды. Оның еңбегі көптеген марапаттармен – Қазақстан Президентінің медалімен, «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» атағымен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, сондай-ақ көптеген грамоталармен, дипломдармен, алғыс хаттармен аталып өтті.
  Еңбек еткен уақыты ішінде ол білім және мәдениет қызметкерлерінің қатарын толықтырған жас музыканттардың дамуына және тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосты.
  2024 жылғы 5 тамызда «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
  2025 жылы 26 қазанда қайтыс болды.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Айсин Жаппас Ілиясұлы (1935—2012)

  Қостанай облысының денсаулық саласына ерекше еңбек сіңірген жандардың бірі – дәрігер Жаппас Ілиясұлы 1935 жылы 27 наурызда Меңдіқара ауданы Татьяновка селосында дүниеге келген. Меңдіғара өңірінің түлегі Қостанайдағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттан қанаттанды.
  1959 жылы Қарағанды медицина институтын тәмамдаған соң ол жолдамамен сол кездегі Октябрь аудандық ауруханасында он жеті жыл бойы бас дәрігер болып қызмет атқарды. Жаппас Ілиясұлы медицинадағы ең бір қиын да жауыпты сала – оташылықты таңдады.
  1977 жылы Қостанайдағы теміржол ауруханасының басшылығына ауысты. Ал 1983 ж. бастап аттай жиырма жыл бойы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін мінсіз атқарды. Сол мінсіз еңбегінің жемісіндей оған республиканың денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қостанай қаласының құрметті азаматы (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері құрметті атақтары берілді.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 16.06.1997 жылы берілді.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ақтанов Қали Қабдұлұлы (1924—2005)
  Қостанай облысы Қарасу ауданы Елтай ауылында дүниеге келген. 1942 ж. Урицкий аудандық әскери комитетінің шақыртуымен әскер қатарына алынып, Златоуст әскери пулеметшілер училищесіне жіберіледі.
  1943 ж. көкек айында кіші лейтенант лауазымымен Ленинград майданына жіберілді. Ленинградты қоршаудан босатуға, Прибалтиканы, Польшаны, Венгрияны, Чехословакияны азат етуге қатысты. Соғысты Германияда пулеметшілер ротасының командирі лауазымында аяқтады.
  1945 ж. тамызы және желтоқсаны айлары аралығында Қытай халықтық азат ету армиясының құрамында болды. 1961 ж. қаңтарынан 1978 ж. ақпанына дейін Қостанай қаласының әскери комиссары болды. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 23.12.1994 жылы берілді.

Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Алдамжар Зұлхарнай Алдамжарұлы (1937—2005)

  1937 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық кентінде дүниеге келген. 1962 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазір Х. Досмұхамедов ат. университет) тарих факультетін үздік бітіріп шығып, кейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы лауазымдарында қызмет етті. 1967–1970 жж. аралығында Қазақ КСР-ның Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында білімін жетілдірді. 1980–1989 жж. аралығында Атырау педагогикалық институтында ғылыми жұмыстарының проректоры болды. 1989 ж. 28 сәуірінде конкурстық негізде Қостанай педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Зұлхарнай Алдамжарұлы 1992 ж. Қостанай педагогикалық институтына Қостанай мемлекеттік университеті мәртебесінің берілуіне және оның кейінірек Ахмет Байтұрсыновтың атымен аталуына қол жеткізді. 2001 ж. мамыр айынан бастап Қостанай әлеуметтік академиясының ұйымдастырушысы және президенті міндетін орындауға кірісті. «Парасат» орденімен, медальдармен, ерекше белгілермен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 1993 ж. оған Техас (АҚШ) штатының құрметті азаматы атағы берілді. 2005 ж. қарашасында қайтыс болды.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 15.07.2005 жылы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Афанасьев Василий Сафронович (1923—1988)
  Қостанай обл. Қостанай ауд. Затобол кентінде туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай автожасағында электрші болып жұмыс істеген.
1943 ж. наурызында әскерге шақырылады. Алғашқы шайқасқа 1943 ж. маусымында Курск доғасында қатысты. Одан кейін Степной, Воронежский және Бірінші Украин майдандарында соғысты. Василий Степановичтің полкі 1943 ж. қыркүйегінде гвардиялық атаққа ие болды. Жеңісті Прагада қарсы алды. 235 гвардиялық танкке қарсы артиллериялық атқыштар полкінің зеңбірек тобының командирі В. С. Афанасьевке соғыста көрсеткен ерлігі және батырлығы үшін Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1945 ж. 10 сәуірдегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары № 18 қолөнер училищесінің тәрбиешісі қызметінде, Қостанай ет комбинатының және «Стройтест-2» ҚЖБ кадрлар бөлімінде еңбек етті. 1964–1984 жж. аралығында Қостанай облысы ІІБ қызметте болып, ішкі істер бөлімінің жас мамандарына отансүйгіштік тәрбие беруге белсене қатысты.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 23.04.1975 жылы берілді.

Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Базанов Андрей Илларионович (1903—1989)

  Мәскеу облысы Шимаиха деревнясында туған. Мәскеу жұмысшылар факультетінің екі курсын (1925 ж), қызыл профессуралар үшін кадрлар дайындау институтын, Ташкент қ. (1933 ж) соғыс кезінің бағдарламасы бойынша жоғарғы әскери-педагогика институтын бітірген. Қостанайда «Знание» қоғамының лекторы, қалалық комитеттің нұсқаушысы, Қостанай медицина техникумінің бірінші директоры (1929–1933 жж.), облыстық партия және кеңес жұмыскерлерін дайындау курстарының жауапты хатшысы қызметтерін (1968–1974 жж.) атқарды.
  Ұлы Отан соғысына қатысқан. Отан соғысының үш орденімен марапатталған. «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 31.07.1979 жылы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Баязид Жолбарыс (1934—2023)

  1934 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Лоба ауылында туған. 1948 жылы жеті жылдық Үлгілі мектебін бітірді. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1956 жылы аяқтап шықты. «Жас алаш», («Лениншіл жас»), «Жаңа өмір», «Қостанай таңы» газеттерінде жұмыс істеді. 1982 жылдан 1986 жылға дейін Қостанай облысы мәдениет басқармасы жүйесінде қызмет атқарды. Осы жылдары ол облыс ақындарын дайындауда елеулі шығармашылық жұмыстар істеді. 1982–1994 жж. аралығында Б. Майлин ат. облыстық әдебиет бірлестігінде қазақ поэзиясы бөлімін басқарды. Облыстық халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығында және мәдени ағарту жұмыстарында қызмет істеген жылдары екі тілде жазылған облыстың ең үздік мәдени ағарту мекемелері мен көркемөнер ұйымдарының тәжірибелерімен таныстырған отыздан астам бүктемелер мен плакаттар шығарылды. Ж. Баязид өлең жазуды студенттік жылдардан бастады. Ақын қаламынан дастандар, балладалар және басқа да ақындық шығармалар өмірге келді. Жолбарыс Баязид –Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 12 мая 2004 жылы берілді.
 Шынымен дүние жалғансың, Ақиқат емес, армансың! : Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс қажы Баязидтің 80 жылдық мерейтойына : биобиблиографиялық құрал / құрастырушы Ә. Қ. Сәлібаева; редактор Б. Б. Сейітова ; шығарылымға жауапты Г. Г. Қазина. - Қостанай, 2014. - 130 б



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Беда Леонид Игнатьевич (1920—1976)

  Қостанай обл. Ленин ауд. (қазіргі Ұзынкөл ауд.) Ново-Покровка ауылында дүниеге келген. Орал мұғалімдер институтын және аэроклубты (1940 ж.) бір мезгілде аяқтап шықты. 1940 ж. тамызында Орынбор авиация училищесіне түсіп, оны бітіргеннен кейін 1942 ж. тамызында майданға жіберілді. Кеңестік Белоруссия мен Кенигсбергті азат етуге елеулі үлес қосып, Сталинградтық 75 гвардиялық авиациялық атқыштар полкінің құрамында соғысты. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Леонид Игнатьевичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 ж. 26 қазандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және 1945 ж. 29 маусымында ол бұл атаққа екінші мәрте ие болды. Соғыстан кейін Әскери-әуе академиясын (1950 ж.) және Басштаб академиясын (1957 ж.) бітірді.
  Қызыл Ту орденімен, Ленин, Александар Невский, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1976 ж. 26 желтоқсанында қызметтік міндетін атқару барысында апатқа ұшырады. Қостанайдың және Гродненский облысының Лида қаласының көшелеріне, Минск қаласындағы даңғылға, Харьков қаласындағы мектепке батырдың есімі берілген.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 01.02.1967 жылы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Бәкіров Самат Смағұлұлы (1925—2005)

  Павлодар облысы Павлодар ауданы Ерік ауылында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық училищесінің екі курсын аяқтағаннан кейін Павлодар обл. Ермаков ауд. Құркөл ТОМ мұғалім болып жұмыс істеді. 1942 ж. күзінде Қызыл Армия қатарына шақырылды. Семей қаласын Тамбов жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін майданға аттанды. 1946 жылдың қарашасында Павлодар ҚКП ҚК милиция органына жұмысқа жіберілді. Қызметін Павлодар қаласын милиция бөлімінде инспектор лауазымынан бастап, Қостанай облысы ІІБ бастығы лауазымымен аяқтады.
  І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы үздік қызметі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «1941–1945 жж. ҰОС жеңісінің 20 жылдығы», «Кеңес милициясының 50 жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің 50 жылдығы», «Үздік қызметі үшін» медальдарымен, ҚазКСР ҚК Құрмет грамотасымен, «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен ма-рапатталған.
  «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 1.02.1994 жылы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus