Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Парасат жолы» - «Дорога добропорядочности» аймақтық орталықтарының ашылуы
03.02.2021
2021 жылдың 3 ақпанында бір мезгілде еліміздің барлық облыстық кітапханаларында елеулі оқиға – «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Парасат жолы» - «Дорога добропорядочности» өңірлік орталықтарының ашылуы болды. Бұл акцияның бастамашылары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі болды. Орталықтарда жастардың белгілі ақындармен, жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізілетін болады. Бұл жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ. Бұдан басқа орталықтардың ашылуы азаматтық қоғамның түрлі өкілдерінің өзара іс-қимылының тиімді алаңына айналады.

«Парасат жолы» өңірлік орталықтарының салтанатты ашылуы онлайн режімінде «Zoom» платформасында өтті. Іс-шараға қатысушыларды ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова құттықтады. Ол осы акцияның маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті. Оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев қолдады. Сондай-ақ, шығармашылық қауымның көптеген өкілдері сөз сөйледі, олар мемлекет бастамасын қолдап, оны іске асыру бойынша нақты қадамдар ұсынды. 

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Парасат жолы» орталығының ашылуына қатысқандар: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Нұркенұлы Смағұлов, Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Рүстем Сайлауұлы Болат, Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Дариға Төребайқызы Дүйсебаева, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Икрам Бақытжан, сондай-ақ облыстың танымал мәдениет қайраткерлері. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus