Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағы»
30.04.2021

Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әмбебап оқу залы «Жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағы» кітап көрмесінің бейнешолуын дайындады. Көрме «Парасат жолы» орталығына қойылатын және үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отыратын болады.

2021 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің «Парасат жолы» бірлескен жобасы салтанатты түрде ұсынылды. Жоба қоғамда ұлттық мәдениет құндылықтарын, руханият пен парасаттылықты нығайтуға бағытталған.

          Аталған құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын ескере отырып өңірлік кітапханаларда «Парасат жолы» филиалдарын ашып, облыс кітапханаларына келіп түскен тиісті тақырыптағы жаңа басылымдар туралы оқырмандарды тұрақты түрде хабардар етіп отыратын елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды. 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=v9NTjg6jiG0

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus