Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қолдан жасалған ғажайыптар»
13.05.2021
2021 жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК-нда «Қолдан жасалған ғажайыптар» атты шығармашылық жұмыстар көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Оған А.И. Никифоров ат. Қостанай мамандандырылған балалар көркемсурет мектебі оқушыларының және олардың оқытушылары – Дмитрий Александрович Шалуновтың, Николай Васильевич Гончаровтың, Александр Юрьевич Рерихтің және Яна Анатольевна Савельеваның шығармалары қойылды.

Қостанай сурет мектебі республикадағы ең үздік ұйымдардың бірі болып саналады. Сурет салуды енді бастаған суретшілер мен мектеп түлектері өз шығармашылығын біздің кітапхана қабырғасында бірінші рет жұртшылықтың назарына ұсынып отырған жоқ. Жас суретшілердің жұмыстары үнемі жұрттың көңілінен шығып, көрермендердің жылы пікірлерін иеленіп келеді. 

Көрмеге түрлі техникада орындалған 40-тан астам жұмыс қойылды. Олардың ішінде киіз, майлы бояу, батик, графика, аралас техника және басқалары бар. Бұл жұмыстардың барлығынан талантты суретшілерге тән шабытты, шынайы көңіл күйді көруге болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus