Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Елбасының өмірбаяны – ел тарихы»
01.11.2022

ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында Әмбебап оқу залында «Елбасының өмірбаяны – ел тарихы» атты кітап көрмесі дайындалды. Онда ҚР тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін көрсеткен, Н. Ә. Назарбаевтың қызметі мен өмірін ретімен баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болған кезінде жарық көрген авторлық кітаптары ұсынылды.   

Нұрсұлтан Назарбаев түрлі тақырыпқа – тәуелсіз республиканың тарихына, экономикасына, саясатына, даму мәселелеріне арналған жиырмадан астам кітаптың авторы. Автор өзінің «Казахстанский путь», «На пороге ХХІ века», «G-Global – Мир ХХІ века, «Эра независимости», «Эпицентр мира» секілді кітаптарында ел тарихындағы бетбұрыс кезеңдерді еске алады және ой бөліседі, қазіргі кездің мәселелеріне тоқталады және Қазақстанның болашақтағы дамуы туралы  толғанады.

«Нурсултан Назарбаев. Биография» кітабы оқырмандарға өмірбаяндық материалдармен фотомен безендірілген материалдардың, жеке құжаттардың түпнұсқалық көшірмелерінің көмегімен танысуға мүмкіндік береді.

«В сердце Евразии» деректі публицистикасында автор Астананың тұрғызылуы туралы әңгімелейді, еліміздің бас қаласын көшіруге байланысты естеліктерімен және толғаныстарымен бөліседі, елорданың философиясы мен эстетикасы жайында ой толғайды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus