Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәңгілік өнер»
30.11.2022

29 қарашада әдеби қонақжайда жыл сайынғы облыстық «Мәңгілік өнер» әдеби байқауының қорытындысы шығарылды. Биыл байқауға 19 ақын мен жазушы қатысты, жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданды.

Барлық қатысушылар байқауға қатысқаны туралы сертификаттар мен көтермелеу сыйлықтарын алды, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Қазылар алқасы мүшелерінің атынан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург Абылай Мауданов және ақын, педагог Евгений Викторович Демидович сөз сөйледі, ол қатысушылардың жұмыстарына толығырақ тоқталып, сындарлы сын айтты, байқау деңгейін жоғары бағалады.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді: Гран-при – Бекжанова Сара Сәкенқызы және Ковалева Ангелина, 1-ші орын – Жанатан Ернағыз және Немцева Надежда, 2-ші орын – Ақылжан Әсет Берікұлы және Печеркина Марина, 3-ші орын – Әуезхан Ернұр Саянұлы және Дубиковская Олеся. Кешке қатысқан жеңімпаздар жиналғандарды өз шығармашылығымен таныстырды. Ал кешке қатыса алмағандардың кейбіреулері алдын ала жазылған бейнехабарламалар жіберді.

Іс-шара соңында Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК басшысының орынбасары Сәлима Сәбитқызы Сазанбаева барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus