Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әнімен жүректерді жаулаған»
20.01.2023

Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға композитор, әнші, Қостанай қ. құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдиннің туғанына 70 жыл толуына арналған «Әнімен жүректерді жаулаған» атты кітап көрмесінің бейнежазбасын ұсынады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдин көптеген жылдар бойы бізді өзінің шығармашылығымен қуантып келеді. Оның әндері Қостанай облысынан тыс жерлерде де белгілі. Оның бүкіл өмірі музыкамен байланысты, ол 150-ден астам ән, 5 күй жазды және 5 ән жинағын шығарды.

Көрмеде оның «Көктем қыздар», «Домбыра сазы – Ерке құсым», «Айлы түнде», «Торғай әуендері» секілді дискілері, ноталары мен жинақтары және соңғы шыққан «Қимадым ғой» партитуралар жинағы қойылған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=UjEejk4mX1Q
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus