Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Маусым айының мерейгер жазушысы: Алексей Николаевич Варламов
23.06.2023

Алексей Варламов – әйгілі орыс жазушысы. Ол 1963 жылы 23 маусымда Мәскеуде Главлит қызметкерінің және орыс тілі мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Алексей Николаевич Варламов бала кезінен кітап оқуды, балық аулауды, саяхаттауды жақсы көрді.

Бұл 2000 жылы жарық көрген «Купавна» атты өмірбаяндық романында көрініс тапты. Алексей Николаевич әлем мен Ресейде көп саяхаттады – ол Ресейдің орталық бөлігінде, Кавказда, Сібірде, Оралда, Байкалда, Карпатта, Қиыр Шығыста, АҚШ-та, Еуропа елдерінде және Қытайда болды.

Алексей Варламов әдебиеттегі шығармашылық жолын әңгімелерден бастап, көлемді жанрларға – романдар мен повестерге дейін жалғастырған жазушы. 1991 ж. «Знамя» журналында «Таинство» және «Покров» әңгімелері, 1992 ж. «Новый мир» журналында «Галаша» және «Сочельник» әңгімелері жарық көрді. Одан кейін «Здравствуй, князь!», «Гора» повестері жарияланды.  Сонымен бірге очерктер, әдеби және публицистикалық мақалалар, сыни очерктер жазылды. Екі пьесаның жазылуы да осы уақытқа жатады. Олардың бірі М. Рощиннің жоғары бағасына ие болды және жас драматургия фестивалінде сахнаға қойылды.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus