Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тілдің туын желбіреткен Ахмет»
05.09.2023

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Өлкетану әдебиеттері бөлімі ұлы ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, түркітанушы, дарынды ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 151 жыл толуына орай «Тілдің туын желбіреткен Ахмет» атты микрофон алдындағы Байтұрсынұлы оқуларын өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішінің жанында өткен іс-шара барысында ұлы жерлесіміздің мұрасын белсенді зерттеуге шақырған республикаға және қалаға танымал ақындар, жазушылар, ахметтанушылар құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының тағдыры мен шығармашылығы туралы айтылды, оның шығармаларынан үзінділер оқылды. «Аққұм» әні орындалды, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының аудармасында И. А. Крыловтың «Айна мен маймыл» мысалы сахналанды. Микрофон алдындағы Байтұрсынұлы оқуларын өткізу жақсы дәстүрге айналды және оған қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus