Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттық валюта – Қазақстан тарихындағы ерекше кезең» (ҚР банк өкілдерімен кездесулер циклі)
19.09.2023
19 қыркүйекте Абонементтер бөлімі ұлттық валюта – теңгенің енгізілгеніне 30 жыл толуына орай «Eurasian Bank» АҚ өкілдерімен «Ұлттық валюта – Қазақстан тарихындағы ерекше кезең» атты кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында спикерлер қазақстандық валюта ақшаның негізгі функцияларын табысты орындайтын мемлекеттің толыққанды ұлттық ақша бірлігі: құн өлшемі, төлем, жинақтау және айналым құралы ретінде қалыптасқанын атап өтті, «Eurasian Bank» акционерлік қоғамының Қостанай филиалының сенімді қаржы мекемесі болып саналатынына дәлелдер келтірді.
Көрермендер әңгімеге белсенді қатысып, банк қызметіне қызығушылық танытты. Кездесу соңында қонақтар болашақта банкте жұмыс істегісі келетін студенттерге: оқу кезеңінде оларға не нәрсеге ерекше назар аудару керек, неге дайын болу керек және осы салада табысты мансапты қалай құру керектігі туралы кеңес берді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus