Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жан-жағына жарық берген жүрегінің нұрымен»
27.10.2023
27 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі кәсіпкер, «Мирас» шаруа қожалығының басшысы, Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының лауреаты Болат Жұмашұлы Қарабаевпен «Жан-жағына жарық берген жүрегінің нұрымен» атты кездесу кешін өткізді.
Болат Жұмашұлы ауданнан тыс жерлерде табысты кәсіпкер ретінде ғана емес, сонымен қатар өз жұмысшылары мен ауыл тұрғындарына қамқорлық жасайтын ауыл иесі ретінде де танымал. Ол өз шаруашылығына жас мамандарды белсенді тартып отырады. Жақында Болат Жұмашұлы ауылдастары үшін бірнеше қалалық үлгідегі абаттандырылған үйлер салды. Туған ауылына жаны ашитын, жерлестерінің алдында жауапкершілікті сезінетін мұндай адамдардың жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Бұл да біздің тәуелсіздігіміздің жетістігі.
Іс-шараға көптеген жастар қатысты, Болат Жұмашев оларға өмірінің кейбір кезеңдері туралы айтып берді, өз ісін ұйымдастыру тәжірибесімен, өмірге көзқарасымен бөлісті, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Құрметті қонақтың құрметіне музыкалық нөмірлер шырқалды, ал кездесу отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін барынша жақсы көрсететін әнді орындаумен аяқталды.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus