Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сыйға тартылған кітаптар
30.10.2023
Автор Әбішева Дина Ғисақызы (журналист, публицист, аудармашы) өзінің «Сарғаскер Әбіш», «Қайсар қыз» кітаптарын Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК сыйға тартты.
«Сарғаскер Әбіш» тарихи-деректі кітабы Арғын тайпасының Тағышы руынан шыққан батыр, Торғай облысындағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі Әбіш Рысбаевтың еліне сіңірген еңбегі жайлы.
«Қайсар қыз» жинағына әр жылдары мерзімді басылымдарда жарияланған повестері мен әңгімелері енген. «Қайсар қыз» повесінде Дина Әбішева қазіргі қоғамның ащы шындығын: маскүнем әкенің, нашақор ұлдың, сектанттық желілерде адасқан қыздың тағдырын көрсетеді. Повесте автор сондай-ақ ананың бейнесін де шебер жеткізе білген, онда ол ананың махаббатын жер бетінде ештеңемен салыстыруға болмайтын ең күшті және шексіз сезім ретінде бейнелейді. Мұның бәрі кейіпкерлердің психологиялық көзқарастарымен және ішкі әлемімен байланысып жатады. Бұл әдебиет облыс кітапханаларына таратылатын болады.
Авторға сыйға тартылған кітаптар үшін алғыс айтамыз және шығармашылық табыс пен жаңа кітаптар тілейміз.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus