Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ әдебиеті апталығы
06.11.2023
6 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақ әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Қонақтарды Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» және Мариям Хакімжанованың «Қырым тұралы жыр» өлеңдерінен келтірілген лирикалық үзінділер және домбыраның жүрегіңді шаттыққа бөлер әдемі әуені қарсы алды.
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Р. Т. Олжабаева ашты.
Кездесу Қазақстанның құрметті журналисі Жанұзақ Аязбековтің сөзімен жалғасты. І. Омаров атындағы қазақ драма театрының актері Бақытжан Құрмансейітов пен Бейбарыс Жуманов «Амангелді» пьесасынан үзінді ойнады.
№ 15 мектептің мұғалімі А. Т. Тобылов ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін оқыды.
Қазақ әдебиеті апталығының ашылуына әдебиет және мәдениет қайраткерлері, қала мен облыстың танымал тұлғалары келді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus