Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Көркем сөз шебері»
11.01.2024
2024 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы балалар жазушысы, сценарийші Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармашылығына арналды. Осыған орай Абонементтер бөлімінде «Көркем сөз шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бердібек Соқпақбаев – ерекше дарынды жазушы. Кітап көрмесінде оның «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Әжесінің баласы» секілді керемет әңгімелері мен повестері, «Шығармалары» үш томдығы, «Өлгендер қайтып келмейді» романы қойылған. Әр бөлім оқырмандарды жазушының шығармаларымен жүйелі түрде таныстырады.
Көрмеде автордың өмірбаяны мен шығармашылық қызметін ашатын көптеген кітаптар: С. Қирабаев «Өмір тағылымдары», «Тәуелсіздік рухымен», Г. Орда «Сөз құдіреті», С. Жұмабек «Сын симфониясы», «Балалар бағының бағбандары» анықтамалығы ұсынылған. Жазушының бірнеше шығармасы әлемнің басқа тілдеріне аударылған. Бердібек Соқпақбаев пьесалар мен киносценарийлердің авторы.
Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығымен 2024 жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қойылған кітаптар арқылы танысуға болады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus