Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ғылымдағы танымал тұлғалар»
10.04.2024
Абонементтер бөлімінде Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылымдағы танымал тұлғалар» атты ақпараттық дерекнама дайындалды. Көрмені әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Шоқан Уәлихановтың еңбектері ашты.
Академик, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оның ғылыми еңбектері мен замандастарының ол туралы естеліктері ұсынылды. Экспозицияны көрнекті ғылым қайраткерлері: тұңғыш қазақ инженер-теміржолшысы Мұхамеджан Тынышпаев, тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы әдебиеттер толықтырады.
Көрмеде ұсынылған материалдар көптеген оқырмандарға, жоғары оқу орындарының студенттері мен педагогтарына пайдалы болуы мүмкін. Басылымдардан ғылым тарихы, оның дамуы және ғылыми жаңалықтары туралы пайдалы ақпарат алуға болады.
Көрмені көруге шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus