Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ұрпақтар жадында сақталар соғыс» 10.01.2025 | Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Абонементтер бөлімінде осы айтулы оқиғаның құрметіне майданда қан кешкендер мен тылда жұмыс істегендерге құрмет көрсететін ауқымды көрме-таныстырылым ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан мен Қостанай облысының Жеңіске қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Көрмеде соғыстың әртүрлі аспектілерін қамтитын кітаптар, естеліктер және фотосуреттер қойылған. Материалдардың ішінен соғыстан аман қалған қазақстандықтардың естеліктерін, сарбаздар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы баяндайтын құжаттарды көруге болады. Көрме келушілерді Қостанай облысының батырларының өмірбаянымен, олардың жеке тарихымен және ерліктерімен таныстырады. Экспозицияны тақырыптық фотоаймақ толықтырады. Кітаптар мен құжаттар арқылы халқымыздың тарихын тану үшін барлық ниет білдірушілерді көрмеге шақырамыз. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|