Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ұлттық ойын әлемінде» (Ұлттық спорт күні) 20.03.2025 | 20 наурызда Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері ұлттық ойындарға арналған Наурызнамның жетінші күнін өткізді. «Ұлттық ойын әлемінде» көңілді және танымдық спорттық калейдоскобына Қостанай қаласының №11 ЖББМ 5-ші сынып оқушылары қатысты. Бұл күн балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысуға мүмкіндік берді. Жас қатысушылар өз күштерін әртүрлі ұлттық ойындарда сынап көрді: «Құрақ көрпе» – логикалық ойлауды қажет ететін зияткерлік жарыс; «Бес асық» – дәлдік пен мергендікті қажет ететін ежелден келе жатқан ойын; «Аударыспақ», «Оқтау тартыс», «Арқан тартыс» – командалық рухты тәрбиелейтін күш жарыстары; «Теңге алу» – көңілді және жылдам ойын. Әр қатысушы қызықты жарыстарда тапқырлық, күш пен ептілік таныта алды, құрбыларымен болған ойыннан қуанышқа кенелді, ал достық ахуал мерекенің сәнін келтіріп, көңілді ете түсті! Іс-шара соңында балалар шағын сыйлықтар алып, дәстүрлі тәттілерден дәм тата алды. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|