Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлт рухын ұлықтаған тұлғалар»
18.04.2025
18 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қызметкерлері Қазақстандағы Ұлттық кітап күні қарсаңында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ұлт рухын ұлықтаған тұлғалар» әдеби кездесуін өткізді.
Іс-шара қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларына: жазушы, ақын, аудармашы Тәкен Әлімқұлов пен биыл 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды.
Іс-шараға педагог, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, жазушы, ақын А. И. Суслова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург, сатирик, аудармашы А. Ф. Мауданов қатысты. Іс-шараға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы, сондай-ақ қоғамның рухани құндылықтарын нығайтудағы әдебиетшілердің рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара бейнематериалдармен және кітап көрмесімен сүйемелденді. Көрмеде Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеуге және насихаттауға негіз болған көрнекті авторлардың шығармалары ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus