Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Победа без границ» | 24.04.2025 | 24 сәуірде Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі А.П. Чехов атындағы Краснодар өлкесінің зағиптарға арналған арнайы кітапханасы Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдер оқу бойынша ұйымдастырған «Победа без границ» атты онлайн іс-шараға қатысты. Онлайн іс-шара барысында кітапханалардың зағип және нашар көретін келушілері бедерлі-нүктелі қаріптің көмегімен Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдер оқыды. «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінен Дәуітбаев Өтеген мен Филиппова Людмила қазақстандық ақындар Жұбан Молдағалиевтің «Әке» және Сырбай Мәуленовтың «Ты спроси о Войне» шығармаларын оқыды. Онлайн іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстандық және Өзбекстандық әріптестер қатысты. Кездесу достық және жылы атмосферада өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар оқыған шығармалар топтастырылған жинақ жарық көрді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|