Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Жадыңнан өшпейтін соғыс» | 25.04.2025 | Ұлы Отан соғысы – тарихтағы ең қайғылы және маңызды беттердің бірі. 2025 жылы біз маңызды күнді – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. 1941 жылы 22 маусымда басталған соғыс бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, миллиондаған адамдардың тағдырын өзгертті және халықтардың жадында өшпес із қалдырды. Қазақстан фашизмді жеңуге баға жетпес үлес қосты. Л. Н. Толстого атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жадыңнан өшпейтін соғыс» атты библиографиялық әдебиет көрсеткішін дайындады. Әдебиеттер тізіміне соғыс оқиғаларын, батырлардың ерліктерін және кеңес халқы басынан өткерген ауыр сынақтарды суреттейтін әртүрлі материалдар енген. Онда кітаптар, мақалалар, құжаттар, ардагерлердің естеліктері, сондай-ақ соғыстағы іс-қимылдардың барысы, майдандағы және тылдағы өмір туралы зерттеулер жинақталған. Әдебиет көрсеткіші қазақ және орыс тілдерінде құрастырылған, материал әліпбилік тәртіппен орналастырылған. Библиографиялық әдебиеттер тізімі көпшілік пайдаланушыларға арналған. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|