Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Қызмет, адалдық, ерлік» | 05.05.2025 | 2025 жылдың 5 мамырында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай автомобиль колледжінде отаншылдық рухты қалыптастыруға және елдің Қарулы күштеріне құрмет көрсетуді тәрбиелеуге ерекше маңызы бар күнге – Отан қорғаушы күніне арналған «Қызмет, адалдық, ерлік» атты ерлік сабағын өткізді. Запастағы полковник Мезенцев Александр Дмитриевич студенттерге офицердің ар-намысы, әскери қызмет пен отаншылдықтың қазіргі қоғамдағы маңызы туралы айтып беріп, өзінің өмірінен және әскердегі қызметінен түрлі мысалдар келтірді. Іс-шараның ерекше қонағы Қостанай қаласы қорғаныс істері басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы, 3-сыныпты сержант Шапобиева Ирина Исмагыловна болды, ол азаматтық жауапкершілік пен әскери борыштың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында студенттер қонақтарға әскери дайындық, Отанға қызмет ету және Отан қорғаушылардың жеке тәжірибесі тақырыбына шынайы қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Іс-шара ризашылық білдірумен және бейбітшілік, тұрақтылық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеген тілектермен аяқталды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|