Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жеңіс жайындағы жазбалар жоғалмақ емес»
05.05.2025
5 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жайындағы жазбалар жоғалмақ емес» атты оқырман конференциясын өткізді.
Іс-шара соғыс жылдарындағы ерлік пен қайғылы оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтаудың маңызды құралдарының бірі ретіндегі әдебиеттің рөліне арналды.
Іс-шараға журналист, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. А. Аязбеков, тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы С.С. Исмаилов, А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Б. Ә. Дүйсембаева қатысты.
Конференцияға қатысушылар соғыс туралы шындықты жеткізетін көркем және деректі шығармалардың маңыздылығын талқылады. Даңқты майдангер авторлар Константин Симоновтың, Бауыржан Момышұлының, сондай-ақ әскери проза дәстүрін жалғастырып жүрген қазіргі кездің жазушыларының кітаптары ұсынылды.
Конференция аясында шығармалардан үзінділер оқылды, мазмұнды талқылаулар болды, соғыс әндері айтылды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттердің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жастардың отаншылдық құндылықтарын қалыптастыру және ұрпақтар байланысын сақтау үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus