Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «За нами Москва» | 26.05.2025 | 23 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекемесі» РММ қабырғасында мәдени-ағартушылық іс-шара – бір кітап сағатын өткізді. Кездесу белгілі қазақстандық жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «За нами Москва» шығармасына арналды. Іс-шара барысында сотталғандар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы автордың өмірбаянымен, оның ерлікке толы жауынгерлік жолымен танысты, сондай-ақ Мәскеуді қорғау кезіндегі кеңес сарбаздарының батылдығын, отаншылдығын және табандылығын бейнелейтін кітаптың негізгі эпизодтарын талқылады. Мұндай кездесулер өткенді қадірлеп, тарихты құрметтеуге, сотталғандардың отаншылдық сезімдері мен адамгершілік бағдарларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қатысушылар кітапқа шынайы қызығушылық танытып, кітаптың мазмұны мен оның құндылығын талқылады, сондай-ақ ерлікке толы тарихымызды еске түсіріп, батыр бабаларымыз туралы көбірек білуге мүмкіндік бергендері үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|