Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жігіттер оқитын шығармалар»
04.06.2025
Абонементтер бөлімінде Қазақстандағы Әкелер күніне орай «Жігіттер оқитын шығармалар» атты көрме-ұсыныс дайындалды. Көрме оқырмандарды батылдықты, рухтың күшін, ар-намыс пен ерлікті дәріптейтін шығармалармен танысуға шақырады.
Көрмеде ерлер достығы, өмірдегі қиындықтарды жеңе және қиын шешімдерді қабылдай білу жайындағы кітаптар: Шонбай Қ. «Екінші болма», Вуйчич Н. «Будь сильным», Кульжанов М. «Искренне о главном», Шоли Т. «Внутри мужчины» және т.б. ұсынылған. Экспозицияны әйгілі тұлғалардың өмірбаяны, табандылыққа шабыттандыратын және үйрететін Мағауин М. «Шынғыс хан», Ч. Паланик «Бойцовский клуб», Лондон Д. «Мартин Иден», М. Өтемісов «Исатай батыр» секілді тарихи және шытырман оқиғалы романдар толықтырады.
Ұсынылған басылымдар ойы терең сюжеттерді, қайсар мінезді кейіпкерлерді және шынайы өмірлік оқиғаларды бағалайтындардың барлығы үшін қызықты болады. Ағымдағы жылдың 4-27 маусымы аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus