Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бірлік пен бейбітшілік нышандары»
04.06.2025
2025 жылдың 4 маусымында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Айбек Батырханұлы Шалғымбековпен кездесу өтті. Әңгіме түрінде өткен іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналды.
Мемлекеттік рәміздер күні – қазақстандықтарға өз елінің рәміздері туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беретін маңызды мереке. Спикер мемлекеттік рәміздердің тарихы мен шығу тегі, «ҚР мемлекеттік рәміздер күні» мерекесі, қазақстандықтардың өміріндегі рәміздердің рөлі, сондай-ақ оларды пайдалануға қатысты заңдар мен ережелер туралы айтып берді.
Кездесу қызықты өтті әрі танымдылығы мол болды. Мұндай іс-шаралар отансүйгіштік пен ұлттық рәміздерге деген құрмет сезімін нығайтады.
https://www.youtube.com/watch?v=bCBpw6-YZ90
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus