Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Экскурсия
11.06.2025
10 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына № 24 мектеп-гимназияның екінші сынып оқушылары келді. Оқушылар кітапхананың оқырмандармен жұмыс істейтін барлық бөлімдерінде болды.
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінде балаларға кітапхананың түрлі түсті суреттермен безендірілген ең «ақылды» кітаптарын көруге мүмкіндік берілді. 3D нысандағы суретті басылымдар үлкен қызығушылық тудырды.
Америка бұрышында оқушыларға әсем безендірілген, мазмұнды балалар кітаптары, ағылшын тілін үйренуге көмектесетін фотоальбомдар, сондай-ақ танымдық басқатырғыштар ұсынылды.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім ерекше қызығушылық тудырды, онда оқушыларға Брайль қарпімен оқылатын кітаптар көрсетілді.
Оқу залында балалар ұлы Абайдың өлеңдерін оқуға тілек білдірісіп, белсенділік танытты.
Кітапханаға келудің танымдылығы мол болды және оқушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus