Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Сыйға тартылған кітаптар | 26.06.2025 | 26 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына белгілі қоғам қайраткері, жазушы және журналист Садыбек Түгел келді. Ол өнерден публицистикаға дейінгі әртүрлі тақырыптағы жиырмадан астам кітаптың авторы болып табылады. Сапар барысында Садыбек Түгел біздің кітапханаға бірден екі жинақты – «Джеки» және «Мыңбасы» жинақтарын сыйға тартты. «Джеки» кітабындағы әңгімелер нақты оқиғалар мен фактілерге негізделген. Бұл шығармалардың басты кейіпкерлері – қарапайым, бірақ ешкімге кеудесін бастырмайтын құрметке лайықты адамдар, олардың қуанышты да, қайғылы да оқиғаларға толы күрделі тағдырлары еліміз бен халқымыздың тарихымен бірге өрілген. «Мыңбасы» кітабында қазақ халқының рухын, тілін, салт-дәстүрлерін дәріптейтін шығармалар топтастырылған. Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК басшысы С. С. Безаубекова Садыбек Түгелге оқырмандар арасында сөзсіз сұранысқа ие болатын осы баға жетпес сыйлығы үшін алғысын білдірді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|