Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Оқитын ел – озық ел. Үздік 100 кітапты бірге таңдайық» | 14.07.2025 | 11 шілдеде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де отандық әдебиеттің ең көп оқылатын және сүйікті 100 кітабын анықтау бойынша жалпыұлттық сауалнаманы қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Оқитын ел – озық ел. Үздік 100 кітапты бірге таңдайық» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаланың ғылыми және шығармашыл зиялыларының өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәдениет басқармасының өкілдері, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Қатысушылар «100 кітап» ұлттық сауалнамасына қатысуға қолдау білдіріп, осындай іс-шараларды халық арасында белсенді таратуға және насихаттауға шақырды. Іс-шара аясында қазақ әдебиетіндегі таңдаулы шығармаларды анықтау бойынша «100 кітап» ұлттық сауалнамасының өту барысы талқыланды, қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын және кітаптардың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Спикерлер ұлттық мәдениетті жаңғыртудың маңыздылығына, отаншылдық тәрбиеге және жастардың мәдени мұраны сақтаудағы рөліне назар аударды. Соңында қонақтар мұндай жобалар ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға және Қазақстан әдебиетінің рөлін күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді. https://100kitap.kz/ | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|