Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазғы оқылым»
12.08.2025
Жаз өз мәресіне жетті және сонымен бірге Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы орталық мәдениет және демалыс саябағында өткен жыл сайынғы «Жазғы оқылым» әлеуметтік-мәдени акциясының жұмысын қорытындылайды.
Саябақта кітаппен жұмыс істеу қаламыздың тұрғындары мен қонақтары қуана қолдайтын кітапхананың жақсы дәстүріне айналды. Жазғы оқу залы уақытты тиімді өткізуге тамаша мүмкіндік берді: саябақтың жайлы атмосферасында қалауыңша еркін отырып кітап оқудан ләззат алуға, қызықты жаңа кітаптармен және мерзімді басылымдармен танысуға жағдай жасады.
Табиғат аясындағы кітап оқулар қала тұрғындарына жылы әсер қалдырды және кітап пен кітап оқу мәдениетіне деген қызығушылықты арттыра отырып барлығын одан әрі кітап оқуға шабыттандырды деп үміттенеміз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus