Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жылдарым менің, жырларым менің»
15.08.2025
15 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығында «Жылдарым менің, жырларым менің» атты музыкалық кеш өткізді.
Іс-шара белгілі қазақ композиторы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік әнұранға айналған «Менің Қазақстаным» әнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналды.
Кешке келгендер оның ең танымал және жұрттың сүйікті әндеріне айналған шығармаларын толғаныспен және жан-тәнімен орындады, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов туралы фильм көрді.
Музыкалық кеш ерекше жылы атмосферада өтті және барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Шәмші Қалдаяқовтың музыкасы әр кез жұртқа шабыт беріп, халқымызды әдемі әннің аясында біріктіре бермек.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus