Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
А. Құнанбаев «Қара сөз»
21.08.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жаныңа жақын кітабыңды тап» жобасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекемесі» РММ Абай Құнанбаевтың ұлы шығармасына – «Қара сөздеріне» арналған әдеби сағат өткізді.
Іс-шараға қатысушылар қазақ әдебиетін дамытудағы маңызды кезең болған осы философиялық еңбектің жазылу тарихымен танысты. «Қара сөздер» – бұл адамгершілік, білім, сенім, адам табиғаты және ұлттық сана мәселелерін қозғайтын 45 ой мен тағылымдардан тұратын жинақ.
Кездесу барысында Абай идеяларының қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, олардың тереңдігі мен өзектілігі талқыланды. Кітаптан үзінділер оқу және талқылау қатысушыларға қазақ халқының құндылықтары мен дәстүрлерін ұлы ақынның әрі ойшылдың көзқарасы арқылы көруге мүмкіндік берді.
Іс-шара рухани-адамгершілік тәрбие берудегі маңызды қадам болды, классикалық әдебиет пен Қазақстанның мәдени мұрасына деген қызығушылықты оятуға ықпал етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus