Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы халықтың ұлы Абайы»
28.08.2025
28 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырды.
Іс-шара «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ-нде өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Абайдың әдеби және философиялық мұрасымен танысып, оның адамгершілік, әділеттілік, өзін-өзі тану және қоғам өміріндегі ағартушылықтың рөлі туралы көзқарастарын талқылады. Ақын идеяларының бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанына, олардың адамның рухани және жеке дамуына әсеріне ерекше назар аударылды.
Абай шығармашылығының адами құндылықтар, мәдени бірегейлік және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу туралы ойлануға ықпал етуін жалғастырып келе жатқаны атап өтілді.
Департамент қызметкерлері кітапханаға мазмұнды іс-шарасы үшін алғыстарын білдіріп, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus