Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін»
05.09.2025
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» тақырыбымен жыл сайынғы дәстүрге айналған микрофон алдындағы Байтұрсынұлы оқуларын өткізді. Биыл ұлы ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, түркітанушы, дарынды ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 153 жыл толады. Ахмет Байтұрсынұлының таланты мен қайғылы тағдыры біздің әрқайсымыздың зор таңданысымыз бен өкінішімізді тудырады.
Іс-шарада сөз алған А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Төлегенова Шынар Исланбекқызы мен Rejastary жастар қанатының Қостанай облысы бойынша көшбасшысы Талап Нұрай Нұрболатқызы әр қазақстандық мақтан тұтатын жерлесіміздің ұлы мұрасын зерделеу қажеттігін тағы да еске салды.
Кітапхана жанынан жұмыс істейтін «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған, ана тілін сақтау және ұлтының болашағы жолындағы Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегін, халқына деген адалдығы мен шексіз жанашырлығын көркем бейнелеген «Тіл – тағдыр, тіл – болашақ!» атты қойылым ұсынды, өлеңдері мен аудармаларын, өздерінің арнау жырларын тебірене оқыды. Сондай-ақ олар ақынның сөзіне жазылған «Аққұм» әнін нақышына келтіре орындап, көрермен жүрегіне терең әсер қалдырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus