Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қара шаңыраққа 25 жыл»
10.09.2025
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздерді Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының 25 жылдығына арналған «Қара шаңыраққа 25 жыл» атты көрме-танысуға шақырады.
Ілияс Омаров атындағы театр ширек ғасыр ішінде өңірдің маңызды мәдени орталығына, жастарға шабыт беретін рухани ордаға, ұлттық дәстүрлерді ұлықтаушы мекенге айналды. Театр Қостанай облысында қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.
Көрмеде театр тарихы мен шығармашылық жолын бейнелейтін бірқатар еңбектер қойылған: «Қасиетті қара шаңыраққа 10 жыл», «Темірқазық»,
Бақытжан Махмұтов «Қостанай қазақ театры», Оразалы Жақсанов «Театр және өмір».
Көрме материалдары театрдың алғашқы қадамдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын баяндайды. Құрылу тарихы, актерлердің өмірбаяндары, естеліктер, театрдың бет-бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған спектакльдер мен тұлғалардың фотосуреттері ұсынылады. Сондай-ақ оқырмандар бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан өткен жылдардағы спектакльдердің жарнамаларын тамашалай алады.
Сіздерді шынайы өнердің тарихы мен рухын сезінуге шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus