Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Жаратушы жүктеген міндет» | 26.09.2025 | 25 қыркүйекте Әмбебап оқу залында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жаратушы жүктеген міндет» атты іс-шара өтті. Кездесу пікірлер қиылысы түрінде өтті, бұл барлық қатысушыларға жүзбе-жүз әңгімелесуге қатысуға мүмкіндік берді. Іс-шараға спикерлер ретінде «БК Бетон» ЖШС персонал жөніндегі менеджері Калимбетова Гүлзия, автомобиль көлігі колледжінің директоры Павленко Дмитрий Иванович, жоғары инженерлік мектептің бас маманы Сақанов Серік Маратұлы шақырылды. Сарапшылар қазіргі экономикадағы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар жұмысшы мамандықтардың өндірістік секторды дамытуда және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Бизнес пен білім беру мекемелерінің бірлесе жұмыс істеуі керектігіне ерекше назар аударылды. Спикерлер колледждер мен кәсіпорындардың белсенді ынтымақтастығымен ғана өндірістің нақты талаптарына сәйкес келетін білікті кадрларды дайындауға болатынын еске салды. Іс-шара жұмысшы мамандықтарының алуан түрлілігін көрсететін кітап көрмесімен, сондай-ақ кездесу тақырыбына арналған бейнематериалдармен сүйемелденді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|