Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапханалық дағдыларды жетілдіреміз»
26.09.2025
26 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Кітапханалық дағдыларды жетілдіреміз» атты оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысына толықтыру бөлімінің, балалар кітапханаларының мамандары мен әдіскерлер қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы кітапханашының қазіргі жағдайдағы кәсіби жұмысының өзекті мәселелерін талқылау болды. Қатысушылар жіктеу кестелері мен кітапханалық-библиографиялық жіктеуді қолданудың практикалық тәсілдерін қарастырып, осы тәсілдерді күнделікті жұмысқа енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімі кейс-сессия түрінде өтті. Отырыстың бұл түрі қатысушыларға теориялық аспектілерді талқылап қана қоймай, кітапханалар тәжірибесіндегі нақты жағдайларды қарастыруға, шешімдерді бірлесіп табуға және тиімді әдістермен алмасуға мүмкіндік берді.
Өткізілген семинар кәсіби диалог алаңына айналды, кітапханааралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті және кітапхана ісі саласындағы мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отырудың маңыздылығын көрсетті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus