Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Еңбек адамдары: әр күннің қарапайым қаһармандары» | 13.10.2025 | 13 қазан күні «Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК жүргізушісі Соловьев Николай Викторовичпен «Еңбек адамдары: әр күннің қарапайым қаһармандары» тақырыбымен онлайн нысанда әңгіме өтті. Қазіргі әлемде көптеген адамдардың жеке көліктері бар және көліктің тек ыңғайлы қозғалыс құралы ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік екенін бәрі біледі. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Алайда жедел жәрдем жүргізушілері үшін жылдамдық – біреудің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі. Олардың міндеті – қиындыққа тап болғандарға көмек көрсету үшін оқиға орнына мүмкіндігінше тезірек жету. Әңгіме барысында Николай Викторович жүргізушілік шеберлікті ғана емес, сонымен қатар төзімділікті, жауапкершілік пен эмоционалды тұрақтылықты қажет ететін өз мамандығы туралы айтып беріп, күнделікті жұмыс барысында орын алған оқиғалармен бөлісті. Сондай-ақ қонақ жедел жәрдем жүргізушілері күн сайын кездесіп жататын қиындықтарды: жол жағдайының нашарлығын, жалған шақыртуларды, төтенше жағдайларда жұмыс істеуді еске салды. Олардың жұмысындағы әр минуттың қаншалықты маңызды екеніне ерекше назар аударылды, өйткені шақырған жерге тез жету адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=6jSwKUQJf3g | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|