Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әбіш әлемі»
05.11.2025

Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 86 жыл толуына орай «Әбіш әлемі» атты жеке көрме дайындады.
Көрме жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасынан хабар беретін материалдар жиынтығынан тұрады. Көрмеде замандастарының естеліктері, қазақ мәдениетінің тереңдігі, тарихы мен философиясы бейнеленген автордың көрнекті туындылары: «Ханша-Дария хикаясы», «Үркер», «Аңыздың ақыры», «Ұмыт жылдар балладасы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Шеткері үй», «Бәйгеторы» ұсынылған. Көрмені жазушының шығармалары мен оның шығармашылығы туралы қосымша ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар толықтырады.
5 қараша және 27 желтоқсан аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus