Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» | 13.01.2026 | 13 қаңтардан Әмбебап оқу залында гендерлік теңдік стратегиясына және қоғамдық өмірдің барлық салаларында әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрмеде гендерлік теңдік стратегиясы туралы ғылыми және талдамалық материалдар; адам құқықтары, тең мүмкіндіктер және әлеуметтік қорғау жөніндегі басылымдар; әйелдер көшбасшылығын дамыту, әйелдердің саясатқа және қоғамдық өмірге қатысуы туралы кітаптар; гендерлік саясат саласындағы халықаралық стандарттар мен табысты тәжірибелер туралы жарияланымдар; кемсітушілік мәселелерін және оны жою жолдарын қамтитын зерттеулер ұсынылған. Көрме студенттерге, оқытушыларға, зерттеушілерге, әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандарға, сондай-ақ қоғамның тең құқықтылығы мен орнықты дамуы мәселелеріне қызығушылық танытатындар үшін пайдалы болады. Көрмені тамашалауға және қазіргі әлем үшін гендерлік теңдіктің маңыздылығы туралы түсінігіңізді кеңейтуге шақырамыз. Көрме қаңтар және желтоқсан аралағында жұмыс істейді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|