Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды»
19.01.2026
Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады.
Мәриям Хакімжанова қазіргі Алтынсарин ауданының Мезгіл ауылында дүниеге келген. Ол көптеген поэтикалық жинақтардың авторы, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне арналған «Мәншүк» (1945 ж.) поэмасы ерекше көзге түседі. Мәриям Хакімжанованың поэзиясы терең отаншылдық сезімге толы, оның шығармаларынан күннің сәулесі, нәзіктік пен жанның жылуы сезіледі. Оның шығармашылығын өз халқының алдындағы: соғыстың қиын жылдарындағы, жасампаздыққа толы жарқын кезеңдегі мұңы мен сыры деуге болады.
Назарларыңызға Алексей Олексюк оқыған Мәриям Хакімжанованың «Кустанай» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/220oX446I8c
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus