Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Алтайдың асыл перзенті – Әлібек Асқаров» | 20.01.2026 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы және баспахана маманы Әлібек Асқаровтың 75 жылдығына арналған «Алтайдың асыл перзенті – Әлібек Асқаров» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме сөз шеберінің өмірлік және шығармашылық жолын көрсетеді. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде жазушының көркемдік әлемін бағалауға мүмкіндік беретін Қ. Жиенбайдың «Қарапайым һәм тамаша тағдырлар» және С. Кирабаевтың «Әдебиетті қайта оқу» еңбектері бар. Көрменің ортаңғы бөлігіне автордың адам мен табиғаттың күрделі қарым-қатынасы жайындағы философиялық толғанысы мен терең ойлары көрніс тапқан «Таңдамалы» көп томдық басылымы қойылған. Сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілікке толы «Туған жерге туыңдық тік», «Алтай. Алтын бесік, ата жұрт», «Шабанбай немесе “Беловодье” ұғымы туралы», «Пёстрые горы, снежные вершины», «Стон дикой долины», «Страшный чёрный медведь» секілді шығармалары да оқырмандардың қызығушылығын тудырары анық. Көрмені келушілердің жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнесюжеттерді көруіне мүмкіндік беретін QR-кодтар толықтырады. Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 ақпанына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|