Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапхана оқытушылар мен студенттерді келесідей толық мәтінді деректер базасын тегін пайдалануға шақырады
14.10.2015

қазан – қараша, 2015

Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқытушылар мен студенттерді келесідей толық мәтінді деректер базасын тегін пайдалануға қатысуды ұсынады: 

1.         «Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана» –  ҚазҰЭК.  www.kazneb сайтынан пайдалануға болады. Құжаттардың электронды көшірмелерін тегін алу. Порталды пайдаланушыларға ҚазҰЭК пайдаланушыларға арналған қорын,  ҚазҰЭК электронды каталогынан онлайн түрінде күндіз-түні пайдалану және Қазақстанда шығарылған кітаптардың толық мәтінді электронды көшірмелерін ішінара қарау ұсынылады, сондай-ақ Құжаттарды электронды жеткізу (ҚЭЖ) қызметі арқылы онлайн тәртібімен қажетті кітаптардың үзінділеріне электронды тапсырыс беруге болады. 

 «Е-кітаптар көшірмесі» каталогында Қазақстан кітапханалары қорлары мен коллекцияларындағы құжаттардың электронды көшірмелері жинақталған. Оған Мәдени мұра, Қазақстантану, Қазақстан кітапханаларының сирек басылымдары, Ауыл шаруашылығы кітаптары, Қазақстан халқының ассамблеясы, Шетелдің сирек кітаптары, Университет хабаршылары каталогтары енгізілген. 

2. «КнигаФонд» электронды кітапханалар жүйесі - авторлық және сабақтас құқықты міндетті түрде сақтау жөніндегі шарттарды қабылдай отырып ЖОО үшін құрылған оқу-әдістемелік әдебиеттер жөніндегі ақпарат. КнигаФонд инновациялық технологияларды қолдана отырып білім алуға қажетті басылымдарды (дәрістер, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, мақала жинақтары, бастапқы дереккөздер, әдістемелік материалдар және т.б. басылымдар) кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді.

 3. BOOK.RU электронды-кітапханалық жүйесі– Ресейдің басты ЖОО оқытушыларының 6000 астам оқулықтары мен ғылыми басылымдары енгізілген лицензиялы кітапхана. "Проспект",  «Гуманитарная литература», «Юридическая литература»; «Экономическая литература» және т.б. баспалардың толық мәтінді кітаптар коллекциясын пайдалануға болады.      

            Кітапхана жаңа басылымдармен жүйелі толығып отырады.Сайтқа кітаптар олардың баспа түріндегі нұсқасы шыққанға дейін орналастырылады. Кітаптың электронды нұсқасының барлық бетін оқуға болады, кітап мазмұнының 10% дейін дәйексөз келтіруге, сондай-ақ бірнеше басылымның негізінде конспект жасауға болады. Оқырманды тіркеу жөніндегі нұсқау

 

 4. «ИВИС» ЖШҚ - Ист Вью (Eastview)қоғамдық және гуманитарлық (1995 жылдан бергі электронды мұрағаты бар 75 түрлі журнал) ғылымдар, медицина мен денсаулық сақтау (10 жылдан бергі 20 түрлі журнал), кітапхана ісі мен ақпараттық қызмет көрсету (10 жылдан бергі 15 түрлі журнал) жөніндегі журналдарды біріктіреді

«ИВИС» ЖШҚ —  кітап, мерзімді басылым, микрофильмдер, мерзімді басылымдардың деректер базасы мен кітапханаларға арналған басқа да ақпараттық өнімдер мен қызметтер таратумен айналысатын ең ірі ресейлік компаниялардың бірі. Ол америкалық «EastViewInformationServices, Inc» компаниясының ақпараттық ғылыми деректер базасының Ресей мен ТМД ресми өкілі болып табылады. 

 

5.  Polpred.com.базасы. БАҚ шолуға әлемнің түрлі елдеріндегі басты ақпараттық агенттіктердің хабарлары толық берілген баспасөзге шолулар енгізілген. Мәтіндер орыс, ағылшын және француз тілдерінде берілген. Деректер базасы 600 БАҚ алынады. Мұрағатты толықтыру 1998 жылдан жүргізіліп келеді.   

Сайттан 235 мемлекет жайындағы, мемлекеттік құрылым, макроэкономика, банк, салық, өндіріс, энергетика, агроөнеркәсіп, көлік, БАҚ, армия және қарулану, білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау мен медицина, туризм, сыртқы сауда, кеден, Ресей мен ТМД арасындағы байланыс туралы көптеген аналитикалық ақпаратты табуға болады. 

Polpred.com. БАҚ шолудеректер базасында 1990-2010 жж. ағылшын тілінде шыққан экономика, экономикалық саясат жөніндегі тегін басылымдарға сілтеме жасалынған. Пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін білім салалары бойынша рубрикатор енгізілген, жарияланған материалдарды дерек көздері, өңірлері мен елдері, түрі бойынша іріктеу қарастырылған.


6. «Научное исследование» академиялық баспасы (ScientificResearch) ашық пайдалануға болатын журналдардың академиялық баспагері болып табылады. Ол сондай-ақ конференциялардың академиялық кітаптары мен материалдарын да жариялап отырады. SCIRP қазіргі кезде ғылым, техника және медицина салаларының Биомедицина және өмір туралы ғылым, Бизнес & Экономика, Химия және материалтану,Ақпарат және байланыс, Инжиниринг; Медицина және Денсаулық, Физика және математика, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар тақырыптары бойынша ашық қолдануға болатын 200 астам журналдар жинақталған. Ағылшын тілінде (техниклық аудармасы бар).

 

 


Барлық деректер базасын тегін пайдалану кітапхананың әмбебап оқу залында сағ. 1000 сағ. 1900 дейін (сенбіден басқа күндері; жк. сағ. 1000 сағ. 1600) жүргізіледі.  Тел. 500-363; е-mail: kst.tolstovka@mail.kzkst.tolstovka@mail.ru


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus