Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8Наурыз
05.03.2021

Гүлбану Сұлтанқызы Абдулина

Әнші, вокалшы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 1961 жылы 7 наурызда Жітіқара қаласында дүниеге келді.

Ата-анасы балалық шағы өткен Челябі облысының Бредин ауданына қоныс аударды.

Алматыдағы туысының кеңесі бойынша ата-анасы Гүлбануды астанада оқуға жібереді. «Біз оңтүстік астанаға келгенде қабылдау емтихандарының уақыты өтіп кетті. Уақытты жоғалтпау үшін Ленинград консерваториясының жас түлегі жүргізген вокал үйірмесінде айналыса бастадым», – деп еске алады әнші.

Ол Чайковский ат. Алматы музыкалық училищесін, Құрманғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетінің «Вокал» мамандығын бітірді, КСРО Халық әртісі Роза Үмбетқызы Жаманованың сыныбында білім алды.

 Жұрттың бәрі Гүлбану Сұлтанқызы еңбек жолын Алматыда жалғастырады деп болжады, ал ол туған Қостанай облысының филармониясын таңдады. Биыл оның шығармашылық жұмысына 30 жыл толады.   

Гүлбану Абдулинаның таланты көптеген марапаттармен  және сыйлықтармен аталып өтілді. Оның бай репертуары бар, оның ең биігінде классикалық шығармалар тұр. Оның кестесі сағат бойынша жоспарланған. Ол сұранысқа ие, халыққа танымал. Жауапкершілік, өзіне талап қоя білу, репертуарды ойланып барып таңдау, әртістілік және кәсіби шеберлік Қостанай әншісіне Қазақстанның вокалдық мектебінің ең жарқын өкілдерінің қатарына қосылуға және оны жақын және алыс шетелдердің үздік концерттік алаңдарында лайықты көрсетуге мүмкіндік берді.   Гүлбану Сұлтанқызы жоғары деңгейдегі кәсіби маман, ал оның мінсіз дауысы қазақ, орыс, еуропалық классиктердің ең күрделі шығармаларын, халық әндері мен заманауи композиторлардың шығармаларын орындауға мүмкіндік береді.

  Гүлбану Абдулина қазақ халық аспаптары оркестрлерінің, орыс аспаптарының, «Ақжелең»  фольклорлық музыка ансамблінің, камералық оркестрдің концерттік бағдарламаларында ән шырқайды.  Ол Қазақстан, Ресей, Францияның үздік концерттік алаңдарында ел өнерін бірнеше рет көрсетті, үкіметтік концерттерге, республикалық деңгейдегі шығармашылық фестивальдерге қатысты.

2005-2008 жылдары ҚӘТУ президенті Зұлқарнай Алдамжардың шақыруымен «Музыкалық білім және спорт» факультетін басқарды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері (2013).

Вокалдық өнерді дамытуға қосқан зор үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін әнші «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Астана» мерейтойлық медальдарымен марапатталды, «Вокалдық өнер» номинациясы бойынша облыстық Меценаттар клубының «Қазына» (2008, 2017) сыйлығын, Қостанай облысы әкімінің сыйлығын (2000) иеленді. Қорған облысы губернаторының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жұбайы Рақым Есенқұлұлы мен ұлы Ілияс Гүлбану Сұлтанқызы шығармашылығының үлкен жанкүйерлері болып табылады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus